ESHERICHIA COLI ЖАСУШАЛАРЫНДАҒЫ PIORF4 ГЕНІНІҢ КДНҚ-ЫН КЛОНДАУ, МУТАЦИЯЛАУ МЕН ЭКСПРЕССИЯЛАУ, ЖӘНЕ PIORF4(E9D)-6HIS РЕКОМБИНАНТТЫ ПРОТЕИНДЫҢ ТАЗАРТУ

Авторлар

  • Т.С. Казанбасов «М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0001-4991-102X
  • Б.К. Ысқақов «М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-5204-4377
  • А.В. Жигайлов «М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-9646-033X

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510323

Кілттік сөздер:

Генетикалық конструкция, PiORF4, in vitro мутагенезі, 18S рРНҚ, рекомбинантты протеин.

Аннотация

Стресcтік жағдайдағы өсімдік жасушаларында 18S рРНҚ-ның кіші рибосомалық суббөлшек құрамында ажырап, 135 нуклеотидтен тұратын 5'-ұштық фрагментті жинақтайтыны, оны 5,3S рРНҚ деп атайтыны анықталған. Алайда, бұл құбылыстың физиологиялық маңызы әлі белгісіз. Бұл зерттеудің мақсаты өсімдіктердегі 18S рРНҚ-ның дискретті фрагментациясының рөлін ашу болды. Ол үшін ашытқыда осындай ажырату процесін тудыруы мүмкін PiORF4 ашытқы токсині пайдаланылды. Осы жұмыс аясында 18S рРНҚ-ға ерекше жоғары спецификалық қасиеті бар PiORF4(E9D) токсинін кодтайтын мутацияланған кДНҚ гені құрылды. Мутацияланған ген pET23c векторына клондалып, содан кейін Escherichia coli BL21(DE3) жасушаларында экспрессияланды. Алынған рекомбинантты PiORF4(E9D)-6His протеинды металл-ионды аффинді хроматография арқылы табысты тазартылып, иммуноблотинг әдісімен оның сәйкестігі расталды. Сонымен қатар, алдын ала жүргізілген in vitro зерттеулер PiORF4(E9D)-нің 18S рРНҚ-ға ерекше әсер ететін қабілетін бақыланатын жағдайларда көрсетіп, оны өсімдіктердің стресс жағдайындағы зерттеулерінде үлгілік жүйе ретінде пайдалану мүмкіндігін қолдады. Алынған нәтижелер өсімдіктердегі стресс жағдайында протеин биосинтезін реттеу механизмдерін зерттеуге негіз қалайды.

Авторлардың биографисы

Т.С. Казанбасов, «М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.

Казанбасов Темирхан Серикович (жауапты автор) – ҚР БҒМ ҒК ИМББ ШЖҚ РМК Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының лаборанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биотехнология кафедрасының студенті (Алматы, Қазақстан, email: temirhankazanbasov@gmail.com). 

Б.К. Ысқақов, «М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.

Ысқақов Болат Құдайбергенұлы – ҚР БҒМ ҒК ИМББ ШЖҚ РМК Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор (Алматы, Қазақстан, email: bulat.iskakov2@gmail.com).

А.В. Жигайлов , «М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.

Андрей Викторович Жигайлов – ҚР БҒМ ҒК ИМББ ШЖҚ РМК Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА Алматы филиалының Ұлттық биотехнология орталығы Молекулалық биология зертханасының уақытша меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор (Алматы, Қазақстан, email: andrzhig@gmail.com). 

Жүктелулер

Жарияланды

2025-06-20

Как цитировать

Казанбасов, Т. ., Ысқақов, Б. ., & Жигайлов , А. . (2025). ESHERICHIA COLI ЖАСУШАЛАРЫНДАҒЫ PIORF4 ГЕНІНІҢ КДНҚ-ЫН КЛОНДАУ, МУТАЦИЯЛАУ МЕН ЭКСПРЕССИЯЛАУ, ЖӘНЕ PIORF4(E9D)-6HIS РЕКОМБИНАНТТЫ ПРОТЕИНДЫҢ ТАЗАРТУ: . ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 103(2), 34–43. https://doi.org/10.26577/bb202510323

Шығарылым

Бөлім

МОЛЕКУЛЯРНАЯ БИОЛОГИЯ И ГЕНЕТИКА